2025 жылғы 24–26 қазанда Астанада, Конгресс орталығында, қала Әкімдігінің қолдауымен заманауи өнердің Astana Art Fair халықаралық көрме-жәрмеңкесі өтеді.
2025 жылғы көрме тақырыбы: «Болашақтың тамырлары»/ Future Roots/«Корни будущего». Өнер өткеннің тамырларынан - болашақтың бүршіктеріне, жергіліктіден - жаһандыққа ұмтылған жанды бағыт ретінде таныстырылады.Бұл күндері Астана тартылыс нүктесіне айналады, мұнда суретшілер, галереялар және көрермендер диалог құру мен ынтымақтасу үшін жаңа өрістер табады.
Қатысушылар ішінде Орталық Азия елдерінің, Ресейдің және басқа да өңірлердің галереялары, бірлестіктері, тәуелсіз суретшілер және сарапшылар. Бағдарламада: кескіндеме, инсталляция және мультимедиалық жобалар, перформанс, сондай-ақ көпшілікке арналған ауқымды бағдарлама: public және artistic talk, балаларға және ересектерге арналған танымдық дәрістер қамтылған. Open Call қорытындысы бойынша Astana Art Fair 2025 кураторлық аймағы құрылады, бұл көрермендерге жаңа есімдермен танысуға мүмкіндік береді.
Суретшілер мен галереялар үшін бұл өз жұмыстарын халықаралық деңгейде көрсету мен кәсіби байланыс орнатуға, ал келушілер үшін – өздеріне жаңа есімдерді ашу мен жеке және корпоративтік коллекцияларға жаңа туындыларды сатып алуға тамаша мүмкіндік болады.
Инклюзия мен қолжетімділікке ерекше назар аударылады: қозғалысы шектеулі келушілер үшін, сондай-ақ есту немесе көру қабілеті нашар қонақтар үшін жағдай жасалады.
Astana Art Fair - ұзақмерзімді мәдени бастама, ол Қазақстанды заманауи өнердің орталығы ретінде ілгерілетуге, креативті экономика мен арт-нарықты дамытуға, сонымен бірге жастарды жаһандық мәдени үдеріске тартуға бағытталған.
«Astana Art Fair тартымды жаңа нүктеге, мәдени алмасу платформасына, коллекционерлер, галереялар, жас және танымал суретшілер кездесіп, болашақтың өнеріне деген өз көзқарастарын білдіріп, пікір бөлісе алатын орынға айналады деп үміттенеміз», — дейді ұйымдастырушылар.
Жобаның бастамашысы және ұйымдастырушысы Urpaq қоры. Қор 2024 жылы Қазақстандағы заманауи өнерді, мәдениетті және білім беруді жүйелі қолдау, сондай-ақ елімізді халықаралық мәдени кеңістікке интеграциялау мақсатында құрылған.