ADYR-ASPAN арт-тобының (Гүлмарал Тәтібаева, Наталья Лигай) көрмесі фотографияны, кескіндемені, бейне-арт, жаңа медиа және арт объектілерді қамтиды.
Біз үшін өзімізді, өз халқымызды, өз кодымыз бен мұрамызды зерттеу аса маңызды. Біздің тобымыздың атауы — ADYR-ASPAN — екі түрлі мағына береді. Бір жағынан, бұл жер (тау) мен аспанның, материалдық және рухани әлемдердің үйлесімін бейнелейді. Екінші жағынан, адыраспан өсімдігінің тамыры өте тереңге кететіндіктен, оны жұлып тастау қиын. Мағынасы — қазақ халқы қандай сынақ көрсе де, әрдайым өз тамырын сақтап, қайта жаңғыра алғанын білдіреді.